02
сентябрь
2017
Қарасу орта мектебінің тарихы
Қарасу орта мектебінің тарихы.
Қарасу орта мектебі 2010 жылы « 100 мектеп 100 аурухана » мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа ғимаратқа көшірілді. Мектептің ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Қ. Бозымбаев, Байзақ ауданының әкімі Б.Құлекеев, Жамбыл облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, жазушы А. Бекбосынов қатысты. 2009 - 2011
оқу жылдары аралығында мектеп директоры болып Н.С. Мамырбаев қызмет
атқарды. Осы 2010 - 2011 оқу жылдары аралығында мектебімізде көптеген тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ жерлесіміз, қоғам қайраткері, жазушы А.Бекбосынмен кездесу өткізілді. Кездесу өте тартымды, қызықты өткізілді. 2011 - 2012 оқу жылдары мектеп директоры болып Н. Телтаев қызмет атқарды. Осы оқу жылдары да мектебіміз жақсы жақтарынан көріне білді. Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Ш.Мұртазамен кездесу өткізіліп, кездесуге аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, ауданымыздың
белгілі азаматы, ақын Қ.Шотбасов т.б. азаматтар қатысты. Жазушы мектеп оқушылары қойған сұрақтарға жауап бере отырып, мектептің тарихы жазылған альбомға естелік қалдырды. 2014 оқу жылынан бастап мектеп директоры
болып Ж.Абдуалиев қызмет
атқаруда. Қазіргі таңда мектебіміз оқу, тәрбие жағынан жақсы жақтарынан көрінуде.